Заместитель управляющего директора
Зарплата | от 189 995 тг. |
от 189 995 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Жамбылская область, г. Тараз, проспект Толе би 87 |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Контроль финансово-экономической деятельности организации;
- Руководство предприятием и мониторинг выполнения работ;
- Внедрение современных технологий и режимов производства;
- Рациональная организация труда;
- Координация, организация и направление работы структурных подразделений;
Знание языков:
- Казахский / высокий уровень
- Русский / высокий уровень
Личные качества:
- Пунктуальность;
- Самостоятельность и ответственность;
- Системное мышление;
- Управление изменениями;
- Дисциплинированность;
- Аккуратность;
- Добропорядочность;
- Компьютерная грамотность;
- Логическое мышление;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Директордың әкімшілік – шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:
мекеменің шаруашылық қызметін басқарады;
материалдық құндылықтарды, мүлікті, жиһазды, мектеп мүкәммалын заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты сақтауға қабылдайды;
тауар мектеп қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеді;
оқу жылының басына мектептің уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді;
тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес ғимараттардың, құрылыстардың, сыныптардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, спортзалдың, тұрғын және басқа да үй-жайлардың, мектептің, сондай-ақ асхананың, буфеттің өзге де мүлкінің шаруашылық қызмет көрсетуіне және тиісті техникалық және санитарлық-гигиеналық жай-күйіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
мектептің шаруашылық дербестігін кеңейту, қажетті шарттарды уақтылы жасасу жөнінде шаралар қабылдайды;
негізгі ғимаратты және мектептің басқа да ғимараттарын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарды пайдалану кезінде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, оларды мерзімді тексеруді жүзеге асырады және ағымдағы жөндеуді ұйымдастырады;
құрал-жабдықтар ауырлықты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары, мектеп аумағында көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын ұйымдастырады, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын бақылайды;
құрал оқу кабинеттерін, шеберханаларды, тұрмыстық, шаруашылық және басқа да үй-жайларды тіршілік қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының талаптарына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына жауап беретін жабдықтармен және мүкәммалмен қамтамасыз етеді;
тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар мен нормаларға сәйкес электр қондырғылары мен электр сымдарының оқшаулау кедергісін, жерге тұйықтау құрылғыларын жыл сайын өлшеуді, су жылыту және бу қазандықтарын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондарды мерзімді сынау мен куәландыруды, шаң, газдар мен зиянды заттар буларының құрамына ауа ортасын талдауды, білім беру мекемесінің үй-жайларында жарықтың, радиацияның, шудың болуын өлшеуді ұйымдастырады;
техникалық персонал үшін жұмыс түрлері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді 5 жылда кемінде 1 рет ұйымдастырады;
техникалық және қызмет көрсетуші персоналды оқытуды ұйымдастырады, жұмыс орнында (бастапқы және мерзімді) нұсқамалар жүргізеді, тіршілік қауіпсіздігі бұрышын жабдықтайды;
тауар өтінімге сәйкес мектеп оқушылары үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын сатып алады;
арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және жеке қорғаныс құралдарын есепке алуды, өртке қарсы мүкәммалды сақтауды, кептіруді, жууды, жөндеуді және зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді.
Директордың әкімшілік – шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары:
40 сағаттық жұмыс аптасы негізінде құрылған және мектеп директоры бекіткен кесте бойынша тұрақты емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейді;
әр оқу жылына және әр тоқсанға өз жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын мектеп директоры жоспарланған кезең басталғаннан бастап бес күннен кешіктірмей бекітеді;
директорға әрбір оқу тоқсаны аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде көлемі бес машинкамен басылған беттен аспайтын өз қызметі туралы жазбаша есеп береді;
әр оқу жылына және әр оқу тоқсанына өз жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын мектеп директоры жоспарланған кезең басталғаннан бастап бес күннен кешіктірмей бекітеді;
директорға әрбір оқу тоқсаны аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде көлемі бес машинкамен басылған беттен аспайтын өз қызметі туралы жазбаша есеп береді;
оқу орны мектеп директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпарат алады, тиісті құжаттармен қолхат арқылы танысады;
мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелері жөніндегі бұйрықтарына бұрыштама қояды;
мектеп өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мектеп қызметкерлерімен жүйелі түрде ақпарат алмасады.