Учитель химии
Зарплата | от 160 086 до 314 074 тг. |
от 160 086 до 314 074 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | Западно-Казахстанская область, г. Уральск, Алматинская 109/4 |
Образование | высшее |
Опыт | 5 лет стажа |
- Изучение минерального и химического состава почв;
- Подготовка химических реактивов;
- Обобщение опыта на уровне организации образования;
Знание языков:
- Казахский / высокий уровень
- Русский / высокий уровень
Личные качества:
- Адаптивность;
- Ответственность;
- Пунктуальность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Функционалдық міндеттері: Арнайы білім беру ұйымының оқу пәндерінің
педагогтері
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (ақыл-есі кем балаларды қоспағанда) оқушылар контингентінің ерекшелігін және оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
ақыл-есі кем балаларды оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына бағдарланбаған арнайы оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады;
тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі, оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асырады;
оқытудың әртүрлі формаларын, әдістері мен құралдарын қолданады;
оқытылатын пән бойынша жоспарлар жасайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оларды толық көлемде іске асыруға жауапты болады;
семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асырады;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды;
оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
13) Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
14) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 18 тамыздан 2025 жылғы 26 тамызға дейін (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде).