Учитель физики
Зарплата | от 200 000 до 240 000 тг. |
от 200 000 до 240 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Область Абай, г.Семей, Физкультурная 11 |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Систематизация результатов физико-химического анализа;
- Умение самостоятельно конструировать урок;
- Моделирование урока;
- Обобщение опыта на уровне организации образования;
- Планирование учебного занятия;
Личные качества:
- Пунктуальность;
- Самостоятельность и ответственность;
- Сотрудничество и взаимодействие;
- Стратегическое мышление;
- Умение работать в команде;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Лауазымдық міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
2.Оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
3.Оқушылардың жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
4.Оқушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.
5.Оқушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
6.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік ісшараларға, өз білімін жетілдіру мақсатында мектепте, қалада өтетін семинарларға қатысуға міндетті.
7.Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады.
8.Жылдық жоспар негізінде пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады.
9.Кесте бойынша сабақ жүргізеді, ашық сабақ өткізеді
10.Оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қадағалайды. Оқушы сабаққа келмей қалған жағдайда, сынып жетекшісіне хабарлайды.
11.Оқушыларда пәніне сәйкес дәптерінің болуын, дұрыс толтырылуын қадағалайды.
12.Журналды тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сай уақытылы толтырады.
13.Оқушыларға қорытынды баға қояды.
14.Электрондық журналға бағаны күніне және пәніне сәйкес қояды.
15.Оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес бақылау, диктант, өздік жұмыс, тоқсандық, жылдық қорытынды жұмыстарын өткізеді. Бақылау жұмыстарын тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді. Бақылау қорытындысы бойынша есеп береді.
16.Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысады.
17.Үлгерімі төмен оқушыларға, білім сайыстарына қатысатын оқушыларға қосымша сабақтар жүргізеді.
18.Мектеп аумағында және мектептен тыс оқушыларымен, ата-аналарымен, әріптестерімен әдеп нормаларын сақтайды.
19.Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуына жауапты болып, келесі шараларды жүзеге асырады:
a) Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды.
ә) Оқу бағдарламасын техника қауіпсіздігін ескере отырып, өткізеді.
б) Зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын өткізіп, басшылыққа жазатайым оқиға туралы дереу хабарлайды.
в) Оқушыларға сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктеме жүргізеді.
20.Сабақ басталардан 15 минут бұрын келіп, оқушыларды қарсы алады.
21.Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.
22.Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы ережесіне бағынады.
23. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
2. Білуге міндетті:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Бала құқықтары туралы конвенцияны», Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін; пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидалар.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1. Жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
2. Және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл;
3. Және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.