Учитель музыки

Республиканское государственное учреждение "Республиканская средняя специализированная музыкальная школа-интернат для одаренных детей имени Куляш Байсеитовой" Министерства культуры
Зарплата от 166 706 до 313 449 тг.
от 166 706 до 313 449 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес г. Алматы, Бостандыкский район, г.Алматы, Бостандыкский район, улица Байзаков
Требования
Образование высшее
Опыт Без опыта работы
Профессиональные навыки:
  • Развитие творческих способностей учащихся;
  • Владение различными стилями и направлениями в музыке;
  • Профессиональная игра на инструменте;

Знание языков:
  • Казахский / высокий уровень
  • Русский / высокий уровень

Личные качества:
  • Ответственность;
  • Пунктуальность;
  • Самостоятельность и ответственность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности

Педагог оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған үлгілік оқу жоспарларына, жұмыс оқу жоспарына және бағдарламаларға сәйкес музыкаға дарынды білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Сабақтарды және көрсетілген үй-жайлардың кестесіне сәйкес басқа да іс-шараларды өткізеді.

2. Музыкаға дарынды білім алушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, музыкаға дарынды оқушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

3. Музыкаға дарынды оқушыларды оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Оқу процессіне инновациялық білім беру, оның ішінде ақпараттық технологиялар енгізуді қамтамасыз етеді.

4. Оқушылардың мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған тиісті үлгілік оқу жоспарларында, жұмыс оқу жоспарында және бағдарламаларда көзделген деңгейден төмен емес білімдер, икемдер, дағдылар меңгеруін қамтамасыз етеді.

5. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процессі кестесіне сәйкес толық көлемінде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

6. Музыкаға дарынды балалардың кәсіптік икемдері мен дағдыларын қалыптастырады, оларды алған білімдерін практикалық қызметте пайдалануға дайындайды.

7. Күнтізбелік, сабақ және жеке жұмыс жоспарларын әзірлейді (музыкалық-теориялық пәндер бойынша музыка теориясы, тарихы және композициясы бөлімінің педагогтері үшін). Белгіленген тәртіпте оқу құжаттамасын жүргізеді, оқушылардың үлгеріміне, сабаққа қатысуына ағымдағы бақылау жүргізеді, журналға ағымдағы бағаларды қояды, әкімшілікке дер кезінде қажетті есеп деректерін тапсырады.

8. Оқу қызметіне бақылау жүргізеді және білім алушыларға көмек беруді ұйымдастырады. Сабақ барысына әрбір оқушыға қолайлы ахуал мен моральдық-психологиялық климат құруға ықпал етеді.

9. Білім алушылардың қорытынды және аралық аттестаттау жөніндегі емтиханының комиссиясында жұмыс істейді.

10. Ақпараттық-коммуникациялық дағдылары бар, электрондық журналдарды толтырады, түрлі білім беру порталдарын, платформаларын, оқу бағдарламаларын (Zoom, Microsoft Teams, Class Room және т.б.), сонымен қатар түрлі Интернет қосымшаларды және техникалық құралдарды пайдаланып, онлайн және қашықтық форматында жұмыс істей алады.

11. Музыкаға дарынды балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамытады, оқушылардың концерттерге, конкурстарға және мектептің басқа да іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді. Талантты балалардың қоғамдық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады, олардың азаматтық сезімін, тәрбиелейді, өз Отанына патриоттық және сүйіспеншілік сезімдерін бойына сіңіреді.

12. Әкімшіліктің өкімдігі бойынша жұмыста жоқ педагогтердің сабақтарын ауыстырады.

13. Бөлімнің оқу-әдістемелік жұмысының барлық түрлеріне қатысады: әдістемелік хабарландырулар әзірлеу, ашық сабақтар өткізу, дербес педагогикалық тәжірибе жинақтау, ғылыми-әдістемелік конференцияларға, семинарларға қатысу және т.б.

14. Педагогикалық шеберлігі мен кәсіптік біліктілігін тұрақты жоғарлатады. Бес жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттырады және 5 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

15. Педагогикалық кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарына қатысады.

16. Тәрбие жұмысын жүргізеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен қарым-қатынас жүргізеді.

17. Мектеп-интернаттың қоғамдық өміріне қатысады, Мектеп әкімшілігінің тапсырмаларын орындайды.

18. Мінез-құлықтың әдеп нормаларын сақтайды, оқушылар, интернат тәрбиеленушілері үшін үлгі болады.

19. Білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдылық принциптерін сіңіреді.

Добавлено 6 дней назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку