Заместитель директора по воспитательной работе
Зарплата | от 180 000 до 200 000 тг. |
от 180 000 до 200 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Алматинская область, Жамбылский район, с.Жамбыл, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі №59 |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Проведение воспитательных мероприятий;
- Организация и проведение семинаров;
- Планирование и организация учебно-воспитательного процесса;
Личные качества:
- Адаптивность;
- Ответственность;
- Пунктуальность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
1.І,ІІ ауысым бойынша тәрбие жұмысын толықтай жүргізеді, жоғары басқару органдарынан келген бұйрықтар мен тапсырмаларды, қойылған міндеттерді дер кезінде орындайды және орындауды ұйымдастырады, оның орындалуын бақылауға алады;
2. оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстардың ағымдағы және даму жоспарын жасайды, оның өтілуін ұйымдастырады;
3. сынып жетекшілердің, аға тәлімгердің және өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің жұмыстарын үйлестіреді;
4. қажетті тәрбие-әдістемелік құжаттарды дайындауды үйлестіреді және ұйымдастырады;
5. тәрбие үрдісінің, үйірмелердің сапасын, сыныптан тыс шаралардың өтілуін қадағалайды;
6. сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға, үйірме жаттығуларына қатысады, олардың түрін және мазмұнын талдайды, талдау нәтижесін педагогтардың назарына ұсынады;
7. тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша сұрақтармен ата-аналарды (оларды алмастыратын тұлғаларды) қабылдайды, ата-анамен байланысты дамытуды ұйымдастырады;
8. педагогикалық қызметкерлерге заман талабына сай тәрбиелік бағдарламаларды және технологияларды жасауға және іске асыруға көмек көрсетеді;
9. сынып жетекшілердің, аға тәлімгердің және өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің белгіленген есеп құжаттарын өз уақытында сапалы және толық жасалуын бақылайды, қамтамасыз етеді;
10. мектеп оқушылары және ұстаздары арасында мәдени-ағартушылық, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар өткізілуін қадағалайды;
11. үйірме жұмыстарына оқушыларды тартуды ұйымдастырады;
12. оқушылар тарапынан мектеп жарғысының және ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын қадағалайды;