Преподаватель танцев
Зарплата | от 171 305 тг. |
от 171 305 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | Западно-Казахстанская область, Казталовский район, с.Казталовка, п.Казталов. ул.С.Сейфуллин 45 |
Образование | высшее |
Опыт | Без опыта работы |
- Проведение занятие по различным танцевальным направлениям;
- Основы музыкальной грамоты и хореографии;
- Владение методологией творческого процесса в танцевальном коллективе;
Личные качества:
- Ответственность;
- Пунктуальность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Лауазымдық міндеттері:
Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
Үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
Сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
Жазғы демалыс лагерьлерінде жұмыс жасайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
әртүрлі жастағы білім алушылармен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.