Главный инспектор, Категория D-3

Государственное учреждение "Аппарат акима Туркестанской области"
Зарплата от 327 923 тг.
от 327 923 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Туркестанская область, г. Туркестан
Требования
Образование послевузовское
Опыт Без опыта работы
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности
3.1. Бас инспектордың міндеттеріне:
1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру;
3) облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру бойынша құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
4) әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімдерін жүргізеді;
5) тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында облыс әкімі аппараты қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және облыс әкімі аппараты басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, келісу және қажеттілік туындаған жағдайда ұсыныстар жобасын енгізу;
7) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
8) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындау;
9) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындау;
10) мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, сондай-ақ әділет органдарында тіркелуге тиіс облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулылары мен облыс әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерінің заң сараптамасын жүргізу және нәтижелері бойынша бөлім басшысына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
11) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
12) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды қабылдау;
13) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
14) құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері, облыстың қала және аудан әкімдіктері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен әрекеттесу;
15) облыс әкімі, облыс әкімі аппаратының басшысының, олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде берілген, тапсырмаларын орындау;
16) өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге;
17) қызметтік әдепті сақтауға;
18) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау;
19) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыруға міндетті.
3.2. Бас иснпектордың міндеттеріне Қазақстан Республикасының құқық саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялар кіреді.
Добавлено 4 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку