Медицинская(ий) сестра/брат
Зарплата | от 180 000 до 200 000 тг. |
от 180 000 до 200 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Алматинская область, Енбекшиказахский район, с.Шелек |
Образование | техническое и профессиональное |
Опыт | 3 года стажа |
- Оказание доврачебной медицинской помощи;
- Оказание первой медицинской помощи;
- Сестринский уход;
Личные качества:
- Ответственность;
- Пунктуальность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Лауазымдық міндеттері
2.1. Өз қызметін медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. 2.2. Мектепке дейінгі ұйымда санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдердің талаптарын сақтайды. 2.3. Үй-жайлардағы тазалықты, тыныштықты және тәртіпті бақылайды, азық-түліктің дұрыс сақталуын қадағалайды. 2.4. Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена ережелерін үйретеді, санитарлық-ағарту жұмыстарына қатысады. 2.5. МДҰ жаңадан келген балаларды қабылдайды, жұқпалы аурулар мен педикулезді болдырмау үшін тексерулер жүргізеді. Сырқаттанғандардың есебін жүргізеді, ауырған балаларды оқшаулайды. 2.6. Азық-түлікті таратуға, кіші жастағы балаларды тамақтандыруға (қажет болған жағдайда), медициналық пунктті ұстауға, медициналық және шаруашылық мүкәммалдың ақаусыз қалпының сақталуына жауап береді. 2.7. Дәрілік заттарды сақтау қағидаларын ұстанады, дәрілік заттарға, таңу материалдарына және балаға күтім жасау заттарына талаптар құрады. 2.8. Тоқсан сайын аурушаңдыққа талдау жүргізу және кейінгі сауықтыру жоспарлары түзету.
2.9. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқаттанушылықты азайту бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлап, балаларды сауықтыру бойынша іс-шараларды өткізеді. 2.10. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлеуді уақтылы ұйымдастырады және жүзеге асырады, тереңдетілген медициналық қараптексеру нәтижелері бойынша динамикалық байқау топтарын (денсаулық топтарын), дене дамуының деңгейін, дене шынықтырумен айналысуға арналған медициналық топтарды айқындайды. 2.11. Емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде балалардың денсаулығының жай-күйін динамикалық бақылау, шынықтыру, сауықтыру жүргізу және т.б.), балалардың сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді. Сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және күн тәртібінің сақталуын, таңертеңгі гимнастиканың, дене шынықтыру сабақтарының және балалардың серуендері дұрыс өткізілуін бақылауды жүзеге асырады. 2.12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 Бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес, объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін, ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына деректерді тіркеп, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылауды жүзеге асырады. 2.13. Жыл сайын және сұрау салу бойынша тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өткізу, денсаулық жағдайы бойынша балаларды бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша ақпарат ұсынады. 2.14. Күн сайын ас блогының ұсталуын, тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары мен мерзімдерін, тағамды дайындау технологиясын, дайын тағамның сапасын тексеріп-қарауды жүргізеді. 2.15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 Бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес, балалар толық, тәулік бойы болатын МДҰ-да және сәбилер үйлерінде он күн сайын оны кейіннен түзету арқылы және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуіліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.