Персональный ассистент

Зарплата Договорная
Договорная
Адрес Казыгурт, улица Казыгурт, 25
Описание вакансии

Вакансия: Жеке ассистент Жұмыс форматы: Толық жұмыс күні / кеңседе немесе қашықтан (гибрид) Тəжірибе: Міндетті емес Жалақысы: Əңгімелесу нəтижесі бойынша Жынысы: Əйел --- Бізге ассистент қажет! Егер сен ұқыпты, жауапты, сенімді жəне жүйелі адам болсаң – бізге қажет маман дəл сенсің. Біз директордың күнделікті жұмысын ұйымдастыра алатын, тапсырмаларды дəл жəне уақтылы орындайтын жеке ассистент іздейміз. --- Міндеттерің: Əкімшілік тапсырмаларды орындау (тапсырмаларды жазып алу жəне жеткізу); Күн тəртібін ұйымдастыру жəне келіссөздерді жоспарлау; Жетекшінің тапсырмасымен мəтін теру, құжаттармен жұмыс, тікелей коммуникация жүргізу (офлайн жəне онлайн); Курстарды ұйымдастыру жəне оқыту күнтізбесін қадағалау; Сатып алулар, броньдау жəне басқа да шаруашылық тапсырмаларды орындау. --- Жұмысқа қойылатын талаптар: Қазақ жəне орыс тілдерін білу (ауызша жəне жазбаша); Компьютерлік сауаттылық (Word, Excel, Google Docs, т.б.); Телефон жəне онлайн байланыста қолжетімді болу; Құжаттармен ұқыпты жұмыс істеу; Міндеттерді нақты, уақытында орындау. --- Білім мен тəжірибе: Арнайы немесе жоғары білім – артықшылық; Тəжірибе маңызды емес, бірақ жұмыс істеуге деген ниет пен жауапкершілік – міндетті. --- Қажетті қасиеттер: Ұйымшылдық жəне тəртіп; Сенімділік жəне сақтық; Ұқыптылық пен тазалық; Адалдық жəне шынайылық; Коммуникабельділік пен тіл табыса білу. --- Міндетті түрде болуы керек: Ноутбук немесе компьютер, тұрақты интернет байланысы; , , Zoom, Google drive қолдана білу. --- Бонус: Көп функционалды жəне жүйелі ойлайтын кандидаттарға даму мүмкіндіктері ұсынылады. Гибридті жұмыс кестесі бар: кей күндері офисте, кей күндері үйден жұмыс істеуге болады. --- Сен жоғарыда айтылған талаптарға сай келсең – біз саған сенеміз жəне жұмысқа шақырамыз! Жауапкершілік сен үшін қиындық емес, өмір салты болса – міндетті түрде өтінім қалдыр!

Требования
Опыт Нет опыта
Условия работы
График работы Неполный день
Добавлено 2 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку