Швея

Жантлеуова Г.А
Зарплата от 130000 до 150000 KZT
от 130000 до 150000 KZT
Занятость Полная занятость
Полная занятость
Адрес Казахстан, Актобе, улица Шары Жиенкуловой, 12
Описание вакансии

Обязанности:

Тігін цехына көмекші, реттеуші

“Сапа” қыз жасауы - ұзатылған қалыңдықтарға арналған бұйымдар орталығы. Біздің мақсатымыз тұрмысқа шығатын қызға және үй тұрмысына арналған заттарды, соның ішінде көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтар, жатын бөлмеге арналған жиһаз бен сандықты өзіміз сапалы түрде өндіре отырып, барлық қажетті заттарды бір жерден жүйелі алып кетуге арналған орталық.

Біз нарықта өзімізді жақсы жағынан көрсеттік - біздің клиенттеріміздің нәтижелері бұған дәлел.

Ай сайын біздің клиенттеріміз көбеюде. Компаниямыздың қарқынды дамуына байланысты біздің цехымызға көмекші, реттеуші маман қажет.

Сіздің міндеттеріңіз қандай?

Аппаратпен ойылған оюларды маталарға жабыстыру

Қалдық маталарды реттеп, құрақшыларға лента қылып қиып беру

Сатушымен хабарласып, келетін тапсырыстарға сай құрақшылар мен зигзагшыларға тапсырма беріп отыру.

Тігіншілерге материалдарды қиып беру.

Цехтың тазалығын қадағалау;

Аппараттар мен машинкалардың тазалығын қадағалау

Сізде қандай құралдар болады?

Жылы Лидтер. Дайын қиылған оюларды жабыстыру, лентаны қию аппаратымен қию.

Сіз не аласыз?

Нарықтан жоғары табыс. Егер тұрақты және тиянақты жұмыс жасасаңыз бонустар беріледі.

Мансаптық өсу: Егер жұмысын жақсы меңгерсе, құрақ құрап, көрпе тігудің қыр-сырын үйренді. Станоктармен жұмыс жасауды үйренеді. Мата танып, түзу жұмыс жасауға дағдыланады.

Гибридті жұмыс кестесі. 9.00-18.00. Демалыс күні: жексенбі.

Адал ережелер және әділ басшылық. Цехта материалдарға жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарап, шығынның санын азайту. Егер ұрлық жағынан, мматериалдарды шығындау болса, айлық есебінен айыппұл салынады. Компнаиямызға зиян келетіндей әрекеттерге бармау.( жұмысшылар арасында алауыздық туындату, аппараттар мен машинкаларға немқұрайлы қарап, шығын әкелуіне жол бермеу)

Іріктеу қалай өтеді?

Әрине, бұл позицияға қалаушылар көп. Сондықтан біз мұқият және әділ іріктеуді өткіземіз. Ақылы бейімделу кезеңі және 7 жұмыс күн бойы үйрету.

Сізге ыңғайлы киініп келу, әрі қауіпсіздік ережелерін сақтау міндеттеледі.!

Требования
Опыт От 1 года до 3 лет
Условия работы
График работы Полный день
Добавлено 3 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку