Библиотекарь
Зарплата | от 140 000 до 180 000 тг. |
от 140 000 до 180 000 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | Жамбылская область, г. Тараз, Аққозиев 5 |
Образование | высшее |
Опыт | 1 год стажа |
- Систематизация книг на стеллажах (архивы, библиотеки, музеи);
- Выдача изданий (архивы, библиотеки, музеи);
Личные качества:
- Ответственность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
кітапхана үдерістерін орындайды: кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтау, каталогтарды және анықтамалық-библиографиялық аппарат элементтерін ұйымдастыру және пайдалану, автоматтандырылған мәліметтер қорын жүргізу және пайдалану, қорларды есепке алу, ұйымдастыру және сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, көпшілік жұмыс, көрнекі безендіру; кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың іс-шаралар жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады, кітап қорының сақталымын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс:
Конституцияны;
Еңбек кодексін;
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерін, оқырмандарды, кітап қорын толықтыруды, есепке алуды, сипаттама жасауды, кітап қорларын сақтауды ұйымдастыру және каталогтарды жүргізуді, оқырмандармен көпшілік және жеке жұмыс жасау түрлері мен әдістерін, баспа басылымдарын көрнекі насихаттауды, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибелерін.
346. Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: кітапханалық жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.