Воспитатель

Государственное коммунальное казенное предприятие на праве оперативного управления «Ясли-сад №35 «Балдырған» Отдела образования по городу Актау Управления образования Мангистауской области
Зарплата от 150 000 до 250 000 тг.
от 150 000 до 250 000 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Мангистауская область, г. Актау, 12 мкр., 58 здание
Требования
Образование высшее
Опыт 3 года стажа
Профессиональные навыки:
  • Проведение воспитательных мероприятий;
  • Проведение занятия для творческого развития детей;
  • Сотрудничество с родителями, социальными партнерами;

Личные качества:
  • Ответственность;
  • Пунктуальность;
  • Аккуратность;
  • Вежливость;
  • Доброжелательность;
Условия работы
График работы неполный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі -1 (сағат саны -5,25);

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісінің негізгі функцоналдық міндеті:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады.

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

* Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

* жеке басын куәландыратын құжат;

* кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

* педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( бар болса);

* “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

* наркологиялық ұйымнан анықтама;

* Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

* 12,13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

* тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жыл 18 наурыздан бастап 28 сәуірге дейін қабылданады.

Добавлено 3 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку