Школьный психолог
Зарплата | от 129 000 тг. |
от 129 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Павлодарская область, г. Павлодар, Катаева 36 |
Образование | высшее |
Опыт | Без опыта работы |
- Оценка психологического состояния учащегося;
- Отбор психологического инструментария исследования;
- Подбор соответствующих методов для проведения психодиагностического обследования;
- Исследование динамики психических нарушений;
Знание языков:
- Казахский / высокий уровень
- Русский / высокий уровень
Личные качества:
- Ответственность;
- Сотрудничество и взаимодействие;
- Критическое мышление;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз
етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда
әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде
девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге
бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі
анықтауда көмек көрсетеді;
білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге
де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін
қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында
толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру
процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты
мәдениетін қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және
девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-
педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін
психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға
қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке,
кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсетеді;
дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық
проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге,
педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге
консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және
тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-
аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында
ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс
жүргізеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық,
әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу
және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-
шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби
құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын
қолданады;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның
құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі
қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-
педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін
сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін
әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық,
әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне
психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны
тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар
немесе тренингтер өткізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен
әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және
әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының
өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл
жасайды.