Культорганизатор
Зарплата | от 120 000 до 150 000 тг. |
от 120 000 до 150 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Жамбылская область, г. Тараз, Толе би 18/4 |
Образование | высшее |
Опыт | Без опыта работы |
- Разработка планов, мероприятий, графиков;
- Подготовка и разработка идейно-тематической базы, написание сценария;
- Умение общаться со зрительской аудиторией в условиях сценического представления;
Личные качества:
- Ответственность;
- Пунктуальность;
- Умение работать в команде;
- Творчество и креативность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Предполагается, оплачивается
ұйымның мәдени-демалыс жұмыстарын қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарды, ұсынымдарды жасайды;
мәдениет ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, оны насихаттайды және тәжірибеге енгізуді ұйымдастырады;
жиналыстар, семинарлар, дәрістер, тақырыптық кештер, концерттер және көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, көрнекі құралдар мен материалдар дайындауға қатысады;
әуесқой бірлестіктердің, мүдделері бір клубтардың шығармашылық ахуалын зерделейді, шығармашылығы неғұрлым жетілген ұжымдарды анықтайды;
мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге және жасауға қатысады;
бағдарламалар мен жобаларды негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді;
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларды және халық шығармашылығын дамытуға арналған конкурс, фестивальдердің жоғары деңгейде өтуіне атсалысады;
синкреттік-поэзиялық жанр бойынша: өңірдегі айтыскер ақын, жазба ақындармен жұмыс жүргізеді;
музыкалық-аспапты жанр бойынша: Халықтық (Үлгілі) атағы бар ұлттық, фольклорлық, этнографиялық, хореографиялық ансамбльдер мен оркестрлер, топтар, студиялар, ұжымдармен жұмыс жүгізе отырып: талдау, сандық және жазбаша есеп жүргізеді;
көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық одақтар, үйірмелер жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жанрлардың жұмысын дамытады;
тәжірибелік-әдістемелік көмектер, ұсыныстар, нұсқаулар, көрнекілік құралдар мен материалдар әзірлейді; репертуарлық көмек көрсетеді;
шығармашылық одақтар, үйірмелер жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жанрлардың жұмысын дамытады;
репертуарлық көмек көрсетеді; жиналыстар, дәрістер, семинарлар, шеберлік сағаттар өткізеді;
жанр бойынша озық жұмыс іс-тәжірибелерін зерттейді, насихаттайды, тәжірибеге енгізеді;
өнер адамдары туралы толық аннотация жинақтайды, электронды базасын үнемі қалыптастырып отырады, олардың жылдық есеп концерт беруіне ықпал етеді;
мемлекеттік, қоғамдық, даталы мерекелердің және мәдени-көпшілік іс-шаралары туралы БАҚ құралдары, әлеуметтік желі, түрлі сайттарға жарнама, бейнероликтер мен мақалалар ұсынады;
баннер, афиша ілу, шақырылатын қонақтар тізімін жасақтап, шақыру билеттердің таратылуын ұйымдастырады;
бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.