Главный специалист, Категория E-G-3

Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Жилга Сарыагашского района"
Зарплата от 210 086 тг.
от 210 086 тг.
Занятость временная
временная
Адрес Туркестанская область, Сарыагашский район, Сарыагашский район
Требования
Образование высшее
Опыт Без опыта работы
Личные качества:
  • ответственность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности
3. Бас маман - іс басқарушысының міндеттері
3.1. Бас маман - іс басқарушысының міндеттеріне:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдау;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;
5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу;
6) қызметтік тәртiпті сақтау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтау;
8) қызметтік әдепті сақтау;
9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындау;
10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беру;
11) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу;
12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалану;
13) лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының іс-номенклатурасы жиынтығын қалыптастыру;
15) ауылдық округ әкімі аппаратындағы қызметтік құжаттардың орындалуына ішкі бақылау жасау;
16) ауылдық округ әкімі аппаратында қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
17) ауылдық округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, тiркеу және есепке алу.
19) ауылдық округ әкімі аппаратындағы мұрағатқа тапсыру мерзімі келген құжаттарды рәсімдеп тапсыруды жүзеге асыру;
20) ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу;
21) ауылдық округ әкімі аппаратындағы «Е-қызмет» жүйесінде үнемі жұмыс істеу;
22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
23) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыр;
24) ауылдық округ әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау;
25) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.
3.2. Бас маман - іс басқарушысының өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Добавлено 8 дней назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку