Медицинская(ий) сестра/брат
Зарплата | от 180 000 до 200 000 тг. |
от 180 000 до 200 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Кызылординская область, г. Кызылорда, С.Торайғыров 101 |
Образование | послесреднее |
Опыт | 3 года стажа |
- Шұғыл медициналық көмек;
- Ведение медицинской документации;
Личные качества:
- Ответственность;
- Пунктуальность;
- Терпеливость;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Медбикенің қызметі денсаулықты қорғауға және балалардың денсаулығын динамикалық бақылауға бағытталған.
Балабақшада сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде көшпелі мамандар бригадаларын тарта отырып, профилактикалық медициналық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады.
Балабақшада аурулардың алдын алуға, ұтымды тамақтану қағидаттарын енгізуге және сақтауға, денсаулықты қорғауға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын енгізеді.
Балаларды профилактикалық тексерулердің нәтижелері бойынша тереңдетілген медициналық тексеруге жібереді.
Жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша білім алушылардың вакцинация жүргізгеннен кейін бақылауды қамтамасыз етеді.
Аурулардың алдын алу, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістер ұйымдастырады және өткізеді.
Білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізе отырып, ата-аналар мен педагогтарды балалардың денсаулығын сақтауға тартады.
Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар (шұғыл көмек, аумақтық емханаға жіберу, "жедел жәрдем"бригадасын шақыру) кезінде балаларға, педагогикалық және техникалық персоналға алғашқы көмек көрсетеді.
Ауырып келмей қалған балалардың есебін жүргізеді, ауырған балаларды оңашаланған бөлмеге ауыстырып, ерекше күтуді қамтамасыз етеді. Таңертеңгілік қабылдауда аурудан айығып келген және жұқпалы аурумен ауырғандармен қатынаста болғандарды, термометрмен тексеріп қабылдайды.
Залалсыздандыруды өткізуді ұйымдастырады, тәрбиешілердің балаларды күнделікті таңертеңгілік қабылдауын бақылайды.
Дәрі-дәрмекке, залалсыздандыратын құралдарға, медициналық құрал- жабдықтарға сұранымдар дайындайды. Балабақша қызметкерлерінің уақытында медициналық қаралудан өтуін бақылайды.
Есептік-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.