Социальный работник
Зарплата | от 150 000 до 180 000 тг. |
от 150 000 до 180 000 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | Жамбылская область, г. Тараз, переулок Рысбек батыра 14 |
Образование | высшее |
Опыт | 1 год стажа |
- Оказание помощи инвалидам и лицам с ограниченными возможностями здоровья;
Личные качества:
- Терпеливость;
- Дисциплинированность;
- Вежливость;
- Доброжелательность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
1. Лауазымдық міндеттері:
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады;бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды; бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретеді; балалар мен 18 жастан асқан адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кітап оқу, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т;б;); ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және олардың отбасы мүшелерімен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту іс-шараларын іске асыру және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; балалар мен 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудің практикалық дағдыларына, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдерге, қимыл-қозғалыстарға және әлеуметтік дағдыларға үйретеді; балалар мен 18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін мамандарды шақырады;
қамқоршылықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақы тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтіп отырған күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, қайырымдылық қорлары, демеушілер есебінен басқа да гуманитарлық көмектің берілуіне жәрдемдеседі; білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерімен, ұйымдарымен клиенттерге анағұрлым тиімді қызмет көрсету үшін өзара іс-қимыл жасайды;
жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.