Сату менеджері
Зарплата | от 400000 до 750000 KZT |
от 400000 до 750000 KZT | |
Занятость | Полная занятость |
Полная занятость | |
Адрес | Казахстан, Алматы, проспект Аль-Фараби, 17к4Б |
Shanyraq Study - бұл оқушыларға арналған қосымша онлайн білім беру мектебі. Біз математика, қазақ, ағылшын, физика және басқа пәндерді оқытамыз. Бұл негізінен репетиторлық, бірақ шағын топтарда қызықты әрі кәсіби әдістеме мен жақсы нәтиже бар.
Біз өз жұмысының нақты нәтижесін көргісі келетін және жақсы ақша тапқысы келетін сату менеджерлерін іздейміз.
Сіз не істейсіз:
Маркетинг бөлімі күнделікті беретін жаңа ЛИД-терге хабарласу.
Оқушылардың деңгейін анықтауға арналған тегін сабаққа жазу.
Сабақтан кейін - негізгі курсты сату.
Оқушылар қазірдің өзінде оқуға қызығушылық танытуда. Сіздің міндетіңіз — оларға келесі қадамды жасауға көмектесу. Сізге көп ЛИД түсу үшін компания күн сайын 150-200$ таргет жарнамаға бөледі.
Біз сізден не күтеміз:
Сауатты әрі анық сөйлеу, сенімділік, табандылық және білім алуға септігімді тигізудемін деген жүректегі құндылық.
Әрдайым сату арқылы табыс табуға және дамуға деген ұмтылыс.
Қазақ тілінде еркін сөйлеу. Орыс тілін білуіңіз шарт емес, біліп жатсаңыз, артық етпейді.
Біз не ұсынамыз:
Өнім мен скриптарды зерттеу үшін 2 күндік оқу
3-күні хабарласып, сатуды бастау мүмкіндігі
Дайын жұмыс техникасы: ноутбук және құлаққап
Тұрақты жалақы айына 2 рет
Бонустар: күнделікті, апталық және айлық — жұмыс нәтижелері бойынша
Үздіксіз оқыту және қолдау: егер сізде біз қалаған қабілеттер болса, біз қалғанын үйретеміз
Алматыдағы кеңсе: Нұрлы Тау БО, Әл-Фараби 17, 4Б корпус
Біз икемді кестесі бар үміткерлерді қарастыруға дайынбыз (студенттер, ұялмаңыз, сіз де жауап бере аласыз)
Егер, дайын болсаңыз, тездетіп байланысқа шығыңыз!
Себебі, біз тек 10 менеджер іздеудеміз!
Опыт | От 1 года до 3 лет |
График работы | Полный день |