Методист
Зарплата | от 180 000 до 200 000 тг. |
от 180 000 до 200 000 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | Область Абай, район Мақаншы, с.Маканчи |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Ведение и составление документов;
- Знание методик проведения анализов;
- Решение профессиональных задач;
- Организационно-методическое обеспечение работы;
- Работа с партнерами / обучающимися;
- Оказание методической помощи;
Знание языков:
- Казахский / высокий уровень
- Русский / продвинутый уровень
Личные качества:
- Адаптивность;
- Ответственность;
- Пунктуальность;
- Дисциплинированность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
19. Қорғаншылық және қамқоршылық органдар заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауға, олардың тұрмыс жағдайларын тексеруге, мұндай балалардың есебiн жүргiзуге және ата-анасының қамқорлығынан айрылуының нақты жағдайларына қарай балаларды орналастырудың нысандарын таңдауға, сондай-ақ олардың күтiмi, тәрбиесi және білім алуы жағдайларын одан әрi бақылауды жүзеге асыруға;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiмет алған күннен бастап үш күннiң iшiнде баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды және бiр айдың iшiнде оны орналастыруды қамтамасыз етуге.
Баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiн болмаған жағдайда, ол туралы мәлiметтi баланы есепке алу және кейiннен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң білім берудi басқару органына жолдауға;
3) қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға, ол үшін жылына кемінде екі рет олардың өз міндеттерін орындауын тексеруге, сондай-ақ жыл сайын қорғаншылардың қамқорлығындағы адамның денсаулық жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстары туралы есеп беруін талап етуге;
4) ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналық құқықтарын қалпына келтiру, бала асырап алудың күшiн жою немесе жарамсыз деп тану, жасы кәмелетке толмағандармен некенi жарамсыз деп тану, сондай-ақ "Неке және отбасы туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес басқа да істер қаралған кезде сотқа қатысуға;
5) бала мен оны тәрбиелеуге тiлек бiлдiрген адамдардың тұрмыс жағдайларын тексеруге;
6) он жасқа толған баланың асырап алуға келісімiн анықтауға және ол үшiн ұғынымды нысанда асырап алудың мәнiн түсiндiруге;
7) баланы асырап алудың құпиясын сақтауға;
8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың, белгiленген тәртiппен жүйкесi ауру немесе ақыл-есi жетiмсiз немесе әрекетке қабілетi шектеулi деп танылған адамдардың мүлкiнiң қаттауын, сондай-ақ белгiленген тәртiппен, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған және денсаулығы жағдайы бойынша өз бетiнше өзiнiң құқықтарын қорғай алмайтын және өзiнiң мiндеттерiн атқара алмайтын кәмелетке толған адамдардың мүлкiнiң қаттауын жасауға;
9) қатталған мүлiктi қорғау шараларын қабылдауға;
10) қорғаншылар мен қамқоршылардан өздерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруды талап етуге мiндеттi.