Бухгалтер
Зарплата | от 350 000 тг. |
от 350 000 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | г. Астана, район "Нұра" |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Ведение установленных форм учета;
- Начисление и перечисление налоговых и других обязательных платежей;
- Работа в программе 1С:Бухгалтерия;
Личные качества:
- Самостоятельность и ответственность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
4. Лауазымдық міндеттері:
4.1. мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу және өзге де есептерін) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
4.2. қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
4.3. бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды;
4.4. негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді;
4.5. өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
4.6. салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді бюджетке, зейнетақы аударымдарын және заңнамаға сәйкес өзге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмыскерлердің жалақыларын есептеуді және қайта есептеуді жүргізеді;
4.7. басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің өзге пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары (учаскелері) бойынша салыстырмалы және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4.8. шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады;
4.9. шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;
4.10. қаржылық тергеп-тексерулер жүргізеді;
4.11. септілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды архивке өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
4.12. бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді;
4.13. тапсырмалардың не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылуын қалыптастыруға қатысады;
4.14. экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалардың пакетін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.