Главный специалист, Категория E-R-4

Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства Сарыагашского района"
Зарплата от 243 700 тг.
от 243 700 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Туркестанская область, Сарыагашский район, Сарыагашский район
Требования
Образование высшее
Опыт Без опыта работы
Личные качества:
  • ответственность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности
Бөлім бас маманының міндеттері
3.1. Бөлім бас маманының міндеттеріне:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдау;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;
4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;
5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу;
6) қызметтік тәртiпті сақтау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтау;
8) қызметтік әдепті сақтау;
9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындау;
10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беру;
11) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеу;
12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалану;
13) лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
14) ауданның электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу;
15) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
16) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу;
17) объектілер мен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтірілуін, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
18) мемлекеттік орган құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізу;
20) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және аудан әкімдігінің қарауына енгізу;
21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдау;
22) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
22) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.
3.2. Бөлім бас маманының өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Добавлено 6 дней назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку