Школьный психолог
Зарплата | от 100 000 до 140 000 тг. |
от 100 000 до 140 000 тг. | |
Занятость | временная |
временная | |
Адрес | Мангистауская область, г. Жанаозен, Вокзал Станциясы, 8Б ғимарат |
Образование | высшее |
Опыт | 1 год стажа |
- Оценка психологического состояния учащегося;
- Подбор соответствующих методов для проведения психодиагностического обследования;
- Исследование динамики психических нарушений;
Личные качества:
- Ответственность;
- Доброжелательность;
- Мотивированность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
1.1.Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы «Педагог қызметкерлермен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері мен жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
1.2.Психологты білім беру мекемесінің басшысы қызметке тағайындап, қызметінен босатады.
1.3. Психологтың жоғары немесе орта кәсіби білімі болу шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.
1.4. Психолог білім беру мекемесі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5. Өз қызметінде психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғану ережелерін, сондай-ақ білім беру мекемесінің Жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім-шартын (контракт) басшылыққа алады.
Психолог Бала құқықтары туралы конвенцияны бұлжытпай орындайды.
1.6. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика және психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психолгияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.