Врач общей практики
Зарплата | от 249 963 до 362 537 тг. |
от 249 963 до 362 537 тг. | |
Занятость | постоянная |
постоянная | |
Адрес | г. Шымкент, Енбекшинский район |
Образование | высшее |
Опыт | 3 года стажа |
- Составление и анализ выполнения плана лечебно-профилактических мероприятий;
- Амбулаторный прием и обслуживание больных на дому;
- Осуществление динамического наблюдения за пациентом;
- Амбулаторный прием, оформление медицинской документации;
- Диагностика, лечение, профилактика заболеваний;
Личные качества:
- Ответственность;
- Пунктуальность;
График работы | полный рабочий день |
Стажировка: Не предполагается
Аурудың профилактикасын, диагностикасын, емін, оңалтуын жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты басқару тактикасын анықтайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Науқасты тексеру жоспарын әзірлейді. Клиникалық бақылаулар мен тексерулер, анамнез жинау, клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері негізінде диагнозды белгілейді (растайды).
Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді, егер мұндай таңдау зерттеу нәтижелерімен қамтамасыз етілсе, тағайындау. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
Денсаулық орталықтарымен бірлесіп салауатты өмір салтын, тиімді тамақтануды насихаттауға қатысады. Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асырады.
Ауруларды ерте және жасырын түрлерін және қауіп факторларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларының кешенін ұйымдастырады.
Жүктілік диагностикасын, жүктілік ағымын бақылауды, жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологияны анықтауды және емдеуді, босануға психопрофилактикалық дайындықты жүргізеді. Жүктілікке және босануға қарсы көрсетілімдерді анықтайды, жүктілікті үзуге жібереді. Босанғаннан кейінгі кезеңде және жүктілікті үзгеннен ткейін әйелдерді оңалтуды жүргізеді.
Пациенттердің еңбекке жарамсыздық жағдайын анықтайды, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Жеңілдетілген еңбек жағдайларына ауыстыруға, санатроий-курорттық емдеуге айғақтарды айқындайды.
Тіркелген контингентінің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Пациенттердің профилактикасын, диагностикасын, емін, оңалтуын жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты басқару тактикасын анықтайды.