Графика-иллюстратор дизайнері

Занятость Полная занятость
Полная занятость
Адрес Казахстан, Алматы
Описание вакансии

Біз — ғылыми-көпшілік бағыттағы «Әл-жәбрдің атасы», балаларға арналған «Kids by Qalan» журналдарын және өзге де әртүрлі кітаптар шығарумен айналысатын тәуелсіз шығармашылық Qalan Publishing компаниясымыз. Соңғы бір жылда жобамыздың 16 санын жарыққа шығарып, ғылым мен қоғамды байланыстыратын сапалы контент ұсынып келеміз.

Қазіргі уақытта командаға ғылыми журнал беттерін макеттеп, визуалды бірізділік пен кәсіби деңгейде көркемдей алатын креативті, жауапты әрі тәжірибелі графикалық дизайнерлер іздейміз.

Міндеттері:

  • Журнал беттерінің макетін жасау
  • Арт-директор бекіткен дизайн жүйесін сақтау
  • Иллюстрация, диаграмма, фото, кестелерді дұрыс орналастыру
  • Версткаға бейім макет жасау
  • Тапсырма, жүктемелер көп болған жағдайда жылдам жұмыс істеу әрі дедлайнға үлгеру

Талаптар:

  • Дизайн саласында кемі 3 жыл тәжірибе
  • Ғылыми бағыттағы тақырыптардан хабары болса
  • Қазақ тілінде еркін жұмыс істеу
  • Жауапкершілік, дедлайнға ұқыптылық
  • CorelDraw , InDesign, Illustrator, Photoshop немесе Figma құралдарының бірнешеуін жетік меңгеру

Шарттары:

  • Штаттық режим, 5/2, офлайн; 11:00-ден 20:00-ге дейін;
  • Жайлы орта;
  • Тұрақты жалақы.
Требования
Опыт От 3 до 6 лет
Условия работы
График работы Полный день
Добавлено 2 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку