Главный специалист, Категория D-O-4

Государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Туркестанской области"
Зарплата от 282 693 тг.
от 282 693 тг.
Занятость временная
временная
Адрес Туркестанская область, г. Туркестан
Требования
Образование послевузовское
Опыт Без опыта работы
Личные качества:
  • компьютерные навыки и компетенции;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ №01-2
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы
1. Жалпы ережелер 1.1. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы (әрі қарай – бас маман) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымына тағайындалады және босатылады. 1.2. Бас маман өзінің қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, оның қызмет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, тиісті мемлекеттік органдардың бұйрықтарын, қаулыларын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, басқарманың жұмыс регламентін және осы нұсқауды басшылыққа алады. 1.3. Бас маман өзінің құзырына жүктелген мәселелер шегінде экономикалық саясатты іске асыруға қатысады. 1.4. Бөлімнің бас маманы – стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің басшысынан жұмыс бабында тапсырмалар, бұйрықтар алады және басқарма басшысына, оның орынбасарларына, бөлім басшысына бағынады. 1.5. Бас маман уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, еңбекке уақытша жарамсыздығы, іссапар) оның міндетін атқару бөлімнің басқа бас маманына (№01-3) жүктеледі.
2. Бас маманның құқықтары Өз міндеттерін орындау үшін, бөлім басшысына төмендегі құқықтар беріледі: 2.1. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге; 2.2. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға; 2.3. Өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінен қажетті ақпараттарды, құжаттарды және мәліметтерді алуға; 2.4. Жеке басының қадір қасиетінің құрметтелуіне, басшылардың, өзге де лауазымды адамдардың, азаматтардың тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына; 2.5. Әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға; 2.6. Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге; 2.7. Мемлекеттік қызметті атқаруы бойынша өзіне қатысты
іс құжаттарымен кедергісіз танысуға, көшірмелер алуға және қажет болған жағдайда түсініктеме беруге.
3. Бас маманның міндеттері
3.1. Бас маман өз құзырына жүктелген міндеттер мен қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
3.2. Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауалды бағдарламасының облыс бойынша орындалуын бақылап, жинақтау.
3.3. Халықтың табысын арттыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
3.4. Басқарма құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың тиімділігінің жыл сайынғы операциялық бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру.
3.5. Орнықты даму мақсаттары және өзге де бағдарламалық құжаттардың облыс бойынша орындалуын бақылау.
3.6. Облыстың даму жоспарын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады.
3.7. Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша бөлім басшысына қажеттілігіне қарай тоқсан және жыл сайын есеп беріп отырады.
3.8. Мемлекет басшысының жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізу;
3.9. Басқарма басшысы, оның орынбасарлары және бөлім басшысының басқа да бөлімге берілген тапсырмалардың мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
3.10. Сарыағаш ауданына жалпы жетекшілік жасау.
4. Бас маманның жауапкершілігі 4.1. Лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны; 4.2. Қызметтік тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны; 4.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны; 4.4. Өзіне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Добавлено 3 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку