Руководитель отдела, Категория E-R-1

Государственное учреждение «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Сарыагашского района»
Зарплата от 380 391 тг.
от 380 391 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Туркестанская область, Сарыагашский район, Сарыагашский район
Требования
Образование высшее
Опыт Без опыта работы
Личные качества:
  • ответственность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности
1.1. Бөлім басшысының міндеттеріне:
1) аудандық мәдениет үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету;
2) мемлекеттік органның қарамағындағы аудандық мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
4) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;
6) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру;
7) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау;
8) аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтерге талдау жасау;
10) ұлттық және мектепшілік мерекелерге байланысты іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру (наурыз, ашық тәрбие сағаттары)
11) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
12) мәнерлеп оқу, шығарма жазу, көркем сөйлеуді дамыту шараларын ұйымдастыру;
13) оқушылар арасында тіл тазалығы, сөз байлығын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
14) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
15) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзуді ұйымдастыру;
16) мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
17) бастауыш және жоғары сыныптардың оқушылары арасында бұқаралық спортты насихаттау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
18) бастауыш және жоғары сыныптардың оқушылары арасында спорттық секциялар мен үйірмелерді ұйымдастыру;
19) бастауыш және жоғары сыныптардың оқушылары арасында спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру (жаттығу, жарыс, спорттық ойындар);
20) салауаттық өмір салтын насихаттау;
21) жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
22) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасау;
23) заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;
24) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза беру;
25) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік ету;
26) мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін және жұмыс жоспарларын бекіту;
27) сенімхаттар беру;
28) мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
29) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін сақталуын қамтамасыз ету;
30) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді.
1.2. Бөлім басшысының өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Добавлено вчера
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку