Инженер по охране труда и технике безопасности

Некоммерческое акционерное общество "Таразский университет имени М.Х. Дулати"
Зарплата от 105 368 до 127 000 тг.
от 105 368 до 127 000 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Жамбылская область, г. Тараз, Сулейманова, 13
Требования
Образование техническое и профессиональное
Опыт 2 года стажа
Профессиональные навыки:
  • Координация работы по созданию и поддержанию системы техники безопасности;
  • Надзор за соблюдением требований безопасности, охраны окружающей среды и экономической эффективности;
  • Расследование несчастных случаев на производстве;
  • Контроль правил и инструкций по охране труда, стандартов безопасности;
  • Осмотр оборудования для выявления дефектов;
  • Контроль наличия необходимых средств защиты, перед началом работы;
  • Проведение инструктажей по технике безопасности;

Личные качества:
  • Ответственность;
  • Устные коммуникативные навыки;
  • Письменные коммуникативные навыки;
  • Компьютерная грамотность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности

2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

Инженерлік-жөндеу бөлімшесінің ЕҚжҚТ,АҚ,ТЖжӨҚ инженерінің міндеттері:

- бір ай ішінде университеттің техника қауіпсіздігі жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясында оқудан және білімін тексеруден өту;

- өндірістегі еңбекшілердің денсаулығына жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдарды тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу, зиянды орналастыру мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік кезінде зардап шегушінің кінәсінің дәрежесін анықтау жөніндегі комиссияға өз ұсыныстарын беру;

- университеттің және жоғары тұрған ұйымның басшылығына техника қауіпсіздігі туралы ақпаратты уақытылы ұсыну;

- технологиялық, жүк көтергіш, энергетикалық және басқа да жабдықтардың, шағын механикаландырылған көлік құралдарының ТҚ жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігін бақылау;

- жұмыс істеушілерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;

- санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылардың жай-күйін және мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

- ТҚ бойынша номенклатуралық іс-шараларды орындауды және бақылауды жүзеге асыру;

- зертханаларда, шеберханаларда, оқу, қойма және басқа да өндірістік үй-жайларда, әртүрлі аппараттарда, қондырғыларда, жабдықтарда және оларға арналған құрылғыларда жұмыс пен сабақтарды қауіпсіз жүргізу бойынша жергілікті жерде әзірленген ережелер мен нұсқаулардың болуын бақылау;

- электр қауіпсіздігін, радиоактивті қауіпсіздікті және химиялық қауіпсіздікті бақылау бойынша тексеру актілері мен өлшеу актілерінің, талдау нәтижелерінің болуын тексеруді жүзеге асыру;

- университет бойынша электр шаруашылықтарына, электромагниттік және изотоптық қондырғыларға қызмет көрсету және пайдалану, күшті әсер ететін, улы және жарылыс қаупі бар заттарды сақтау, тасымалдау және беру, жүйелер мен қондырғыларды желдету үшін жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың болуын бақылау;

- еңбек жағдайларын бағалау және жұмыс орындарын аттестаттау сараптамасына, аудиторияларды, зертханаларды, шеберханаларды және тәжірибелік, тақырыптық, ғылыми-зерттеу, еңбекті қорғауға және ТҚ байланысты басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге арналған басқа да үй-жайларды паспорттауға қатысу;

- бөлімше қызметкерлерінің қызметіне басшылық жасау және бақылау жасау, ҚР қолданыстағы Заңы шеңберінде еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;

- ғимараттар мен құрылыстарға уақытында қызмет көрсету;

- қарамағындағыларды қажетті құрал-жабдыртармен және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету;

- барлық берілген тапсырыстарды орындау;

- ғимараттар мен үй-жайлардың өндірістік санитариясының ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ жарықтандырудың, жылыту жүйелерінің, желдетудің және т.б.жарамдылығын бақылау;

- міндеттерін уақытылы орындауды ұйымдастыру;

- шаруашылық мақсатқа бөленген материалдар мен қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау;

- кіші қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылдау;

- университеттің Даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;

-университеттің Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтау;

-университеттің және оның құрылымдық бөлімдерінің рухани және материалдық құндылықтарына ұқыптылықпен қарау. Өзіне қатысты құрал-жабдықтарын, заттарын тазалықта және толық сақтауда, тиісті тәртіпте ұстау;

- еңбек міндеттерін орындау барысында белгілі болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалған өзге де құпияларды қамтитын мәліметтерді жария етпеу;

-курстық желі арқылы өз бетімен білім алуға және қайта даярлау жолымен іскерлік біліктілігін үздіксіз арттыруға;

- университеттің стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

- басқа да функцияларды орындайды.

Добавлено 3 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку