Специалист службы социальной защиты населения

Коммунальное государственное учреждение «Центр трудовой мобильности» управления координации занятости и социальных программ акимата Западно-Казахстанской области»
Зарплата от 215 000 тг.
от 215 000 тг.
Занятость постоянная
постоянная
Адрес Западно-Казахстанская область, Сырымский район, с.Жымпиты, Казахстанская 11/1
Требования
Образование высшее
Опыт Без опыта работы
Профессиональные навыки:
  • Проведение информационно - консультативной работы;
  • Консультация клиентов;

Личные качества:
  • Ответственность;
  • Пунктуальность;
Условия работы
График работы полный рабочий день
Условия труда: нормальные
Стажировка: Не предполагается
Обязанности

"Сырым ауданының мансап орталығы" филиалы атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бойынша бөлімшесінің маманы (В2-4 санат) - 1 бірлік Жымпиты ауылы

Жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, аз қамтылған азаматтарға және жұмыс берушілерге консультациялық қызмет көрсетеді және жалғыз терезе қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу. Жұмыссыздарды тіркеу. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру (кәсіптік оқу, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу, субсидияланатын жұмыс орындарына - жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс орындары, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты, Күміс жас жобалары, мүгедекті бар адамдарға арналған арнайы жұмыс орындары).Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, облыстың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құруды есепке алуды жүзеге асырады жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, қандастар, сондай-ақ студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жүргізеді, қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру және оларды жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды жүргізу. Жұмыс берушілермен жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Еңбек мобильділігі орталығына жіберілетін мәліметтердің жиналуы мен дұрыстығына жауапты болады қажетті дұрыс есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастырады, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтар және халықты мансап орталығына жүгінген адамдар қатарынан әртүрлі бейіндегі мамандардың дерекқорын қалыптастырады, бос жұмыс орындарын іздеумен айналысады және жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, халық пен жұмыс берушілер арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысады, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетеді, жұмыс берушілермен жұмысқа орналастыру және олардан бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, атқарылған жұмысты қорытындылайды және талдау жасайды, азаматтар мен ұйымдардың хаттарына, шағымдары мен өтініштеріне жауап береді, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу жұмысын жүзеге асырады, орталықтың жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады. адамдардың жүгіну мақсатын, жұмыс істемеуінің себебін анықтайды, адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді, мемлекеттік қолдауға мұқтаждығы дәрежесін айқындайды, халықтың нысаналы топтарындағы жүгінген адамдарға жұмысқа орналасуға бірінші кезекте жәрдемдеседі, орталықтың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. Кәсіптік оқытуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жіберілген адамдардың есебін жүргізеді. Жүгінген адамдарды олардың жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік біліктілігіне сәйкес бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерге жібереді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасайды, олар бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді, тиісті құжаттаманы: жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдамаларды ресімдейді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді, өңірлік еңбек нарығын талдауды және болжауды жүзеге асырады, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының аудан (қала) деңгейінде іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарға белгіленген мерзімде талдамалық және статистикалық ақпаратты ұсынады.

"Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әлеуметтік кодекс, жұмыспен қамту саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, азаматтық және еңбек заңнамасының негізгі ережелерін, перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеу тәртібін, өңірдің (ауданның, қаланың) демографиялық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін, өңірлік еңбек нарығының негізгі даму үрдістері мен бағыттарын, халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу тәртібін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын тиімділігін бағалауды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген, фото)

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы

7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді ұсынады.

Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: БҚО, Жымпиты ауылы, Казахстанская 11/1

Телефоны: +7 (71134) 21-8-35

Добавлено 3 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку