Ветеринарлық дәріханаға сатушы-кеңесші қажет. Біз жануарларды жақсы көретін, жауапкершілігі жоғары, сыпайы және клиенттермен жұмыс істеуге бейім адам іздейміз.
Міндеттері:
- Клиенттерге тауарлар бойынша кеңес беру (ветеринарлық дәрілер, жем-шөп, керек-жарақтар және т.б.)
- Тауарларды сату
- Кассамен жұмыс істеу
- Тауарларды қабылдау және сөрелерге орналастыру
- Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтау
Талаптар:
- 18 бен 40 жас аралығындағы үміткерлер
- Сауда немесе ветеринария саласында жұмыс тәжірибесі болғаны жақсы (тәжірибе жоқ болса үйретеміз)
- Қазақ тілінде, орыс тілінде сауатты сөйлеу, клиенттермен тіл табыса білу
- Жауапкершілік, ұқыптылық
- Жануарларға деген сүйіспеншілік
Жұмыс шарты:
- Жұмыс кестесі: 08:30-17:30, 6/1
- Жалақы: 150000-210000тг
- Түскі асқа ақы төленеді
- Достық ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігі
- Үйренуге және дамуға мүмкіндік