Ветеринарлық дәріханаға қойма меңгерушісі қажет
📍 Қала: Тараз қаласы, Утеулиева 2а
🕐 Жұмыс кестесі: 8:30-17:30 аралығында 6/1
💼 Жалақысы: 150000тг оклад+бонусы
Міндеттері:
- Ветеринарлық дәрілер мен тауарлардың қойма жұмысын ұйымдастыру және бақылау
- Тауарларды қабылдау, есепке алу, сақтау және жіберу
- Қойма құжаттарын жүргізу, түгендеу
- Жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын қадағалау
- Қоймада тазалық пен санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету
Талаптар:
- Қоймашы ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
- Қоймалық есеп жүргізу бағдарламаларын білу (1С, Excel), білмеген жағдайда үйретеміз
- Жауапкершілік, мұқияттылық, ұқыптылық
- Ветеринария немесе фармацевтика саласында тәжірибе болғаны құпталады
Біз ұсынамыз:
- Тұрақты жұмыс және тату ұжым
- Түскі ас ақысы төленеді
📞 Байланыс телефоны:
📍 Қойманың мекенжайы: Утеулиева 2а