Маркетолог

MatAcademy
Зарплата от 500000 KZT
от 500000 KZT
Занятость Полная занятость
Полная занятость
Адрес Казахстан, Астана, улица Беимбета Майлина, 37
Описание вакансии

MatAcademy - бізбен бірге біліміңді шыңда!

Компаниямыздың даму қарқынын арттыру үшін Маркетолог іздейміз!

MatAcademy — 2024 жылдың шілде айында құрылған, математика пәні бойынша онлайн білім беруге маманданған компания. Бұрын Baimly компаниясының құрамында жұмыс істеп, өзіміз жеке бөлініп шықтық. Біздің басты миссиямыз — Ауыл балаларына сапалы білім мен дамушы орта қалыптастыру арқылы жарқын болашағына көпір болу. Мақсат - әрбір ҰБТ тапсырушы түлекке математикаға деген түсінік қалыптастырып, сенімді білім беру. Біздің курсымызды аяқтаған әр оқушының математикаға деген қызығушылығы артып, түсінігі тереңдейді.

Талаптар:

  • Білімі: Маркетинг, менеджмент немесе соған ұқсас салалар бойынша жоғары білім (GPA 3.0 және одан жоғары).
  • Тіл білімі: Қазақ тілін жетік білу, ағылшын тілінің базалық деңгейі құпталады.
  • Аналитикалық қабілет: Деректермен жұмыс істей білу, трендтерді анықтап, қорытынды шығару қабілеті.
  • Жауапкершілік: Жоғары жауапкершілік, проактивтілік және жаңа міндеттерге дайындық.
  • Креативті ойлау: Проблеманы түсініп, тиімді шешім таба білу қабілеті.
  • Өсуге ұмтылыс: Маркетинг саласында білімін жетілдіруге және дамуға дайын болу.

Біз ұсынатын мүмкіндіктер:

  • Компаниямен бірге дамып, маркетинг командасының бір бөлігі болу мүмкіндігі.
  • Идеяларыңызды жүзеге асырып, компанияның дамуына өз үлесіңізді қосу.
  • Конкурстық жалақы: тұрақты мөлшер + KPI орындағаны үшін бонустар.
  • Өз ісінің шеберлерінен құралған команданың бір бөлігі болу.
  • Регулярлы тимбилдингтер мен корпоративтер.
  • Тегін тренингтер, түрлі оқыту курстары және мансаптық өсу мүмкіндігі.
  • Ыңғайлы жұмыс жағдайлары мен достық қарым-қатынас орнатылған орта.
Сізден күтеміз:
  • Аналитикалық қабілеттілік.
  • Үйренуге және дамуға ынта.
  • Жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылыс.
Требования
Опыт 1-3 года
Условия работы
График работы Полный день
Добавлено 4 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку