PR-менеджер

red_mad_robot
Занятость Полная занятость
Полная занятость
Адрес Казахстан, Алматы
Описание вакансии
red_mad_robot — цифрлық өнімдер мен жаңа бизнестерді іске қосу бойынша сараптамалық технологиялық компания. Компания құрамына red_mad_robot AI — жасанды интеллект шешімдерін зерттеу және әзірлеу орталығы кіреді.

Біз өз командамызға business builder моделі бойынша бірегей нео-банкті іске қосу үшін PR-маман іздейміз!

Қазіргі уақытта банк командасында 140+ маман жұмыс істейді, ал жылдың соңына дейін бұл санды 500-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.

Міндеттер:

  • Қазақ және орыс тілдерінде баспасөз релиздерін, мақалалар, сұхбаттар мен авторлық айдар материалдарын жазу;
  • Корпоративтік блог пен PR-кампаниялар арқылы ақпараттық кеңістікті басқаруға қатысу, SMM мамандарымен тығыз жұмыс істеу;
  • Материалдарды әдеби және стильдік тұрғыдан аудару;
  • БАҚ және PR-агенттіктерімен өзара әрекеттесу;
  • Әртүрлі аудиторияларға арналған бірыңғай коммуникация стилін қалыптастыру.

Талаптар:

  • PR, журналистика немесе корпоративтік коммуникациялар саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, сауаттылық және стильдік бейімдеу қабілеті;
  • Баспасөз релиздерін, ресми мәлімдемелерді, мақалалар мен жаңалық мәтіндерін жазу тәжірибесі;
  • БАҚ, блогерлер және инфлюенсерлермен жұмыс істеу тәжірибесі.

Қосымша артықшылықтар:

  • Банк немесе финтех саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Бренд-талдау құралдарын меңгеру.

Жұмыс шарттары:

  • Кәсіби және бастамашыл команда – біз жауапкершілікті, келісімділікті және ашық кері байланысты жоғары бағалаймыз. Командаға тез бейімделуіңе ментор көмектеседі, ал уақыт өте келе сен де басқа мамандарға ментор бола аласың.
  • Даму – біздің басты қағидамыз – біз өзімізді жетілдіруге мүмкіндік беретін күрделі міндеттерді шешуден қашпаймыз. Дағдыларды шыңдау үшін арнайы мектептер мен интенсивтер өткіземіз, ой-өрісті кеңейту үшін қызықты спикерлерді шақырамыз.
  • Барлығы әділ және ашық – штатқа қабылдау бірінші жұмыс күнінен басталады, жалақы толықтай ресми және заңды түрде төленеді. Үш айдан кейін қолайлы шарттармен медициналық сақтандыру (ЕМС) беріледі.
  • Ыңғайлы жұмыс форматы – біз икемді жұмыс кестесін және кеңсе мен қашықтан жұмыс істеуді үйлестіру мүмкіндігін қолдаймыз. Кеңселеріміз Қазақстанда (Астана мен Алматы) орналасқан.
Требования
Опыт 3-6 лет
Условия работы
График работы Полный день
Добавлено 2 дня назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку