SMM-менеджер / Мобилограф

Talpyn Foundation School
Занятость Частичная занятость
Частичная занятость
Адрес Казахстан, Шымкент, проспект Кунаева, 89
Описание вакансии

Талпын мектебі өз командасына креативті мобилограф / SMM менеджер іздейді.

Егер сіз әлеуметтік желілерді дамытуда тәжірибелі болсаңыз, креативті ойлауыңыз жоғары, бейне және фото түсірілім жасауда, оларды өңдеуде шеберлігіңіз бар болса, онда бұл жұмыс сізге арналған.

Міндеттер:
- Талпын мектебінің әлеуметтік желідегі аккаунттарын (Instagram, TikTok, Facebook) жүргізу және дамыту;
- Мектептегі іс-шаралар, сабақтар мен шараларды фото және видеоға түсіру, контент жасау;
- Тартымды посттар, сторис және бейнематериалдар әзірлеп, оларды жариялау;
- Әлеуметтік желілерде брендтің танымалдылығын арттыру үшін шығармашылық идеялар ұсыну және іске асыру;
- Контентті редакциялау және өңдеу, сапасын бақылау;
- Пікірлер мен хабарламаларға жедел жауап беру, жазылушылармен кері байланыс орнату.

Талаптар:
- Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу тәжірибесі (SMM саласында кемінде 1 жыл);
- Мобилография және фото, бейнемонтаж жасау бойынша тәжірибе;
- Canva, Adobe Photoshop, Adobe Premiere Pro немесе басқа да графикалық және бейне өңдеу бағдарламаларында жұмыс істей алу;
- Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
- Креативтілік, жауапкершілік, командалық жұмысқа бейімділік.

Біз ұсынамыз:
- Ынталандырушы жұмыс ортасы мен шығармашылық атмосфера;
- Бәсекеге қабілетті жалақы;
- Кәсіби өсу және даму мүмкіндігі.

Егер осы талаптарға сай болсаңыз және біздің командаға қосылғыңыз келсе, түйіндемеңіз бен портфолиоңызды жіберіңіз.

Біз сіздің креативті және ерекше көзқарасыңызды бағалаймыз!

Требования
Опыт 1-3 года
Условия работы
График работы Гибкий график
Добавлено вчера
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку