Психолог

Филиал Ассоциации Врачи Без Границ (Швейцария) В Казахстане
Зарплата от 466000 до 466000 KZT
от 466000 до 466000 KZT
Занятость Полная занятость
Полная занятость
Адрес Казахстан, Алматы
Описание вакансии
Обязанности:
  • Психикалық денсаулықты нығайту үшін пациенттерге және олардың отбасыларына МСФ хаттамаларына сәйкес психотерапия сеанстары (жеке, отбасылық, топтық) арқылы психологиялық қолдау көрсету;
  • Жыныстық зорлық-зомбылық (ЖЗЗ) хаттамасын енгізу, ЖЗЗ-тың ықтимал құрбандарын анықтап, оларды қажетті ем алу үшін дәрігерлер тобына жіберу;
  • Психикалық денсаулық және психо-әлеуметтік қолдау (ПДПӘҚ) іс-шараларының ауқымын кеңейту қажет болған жағдайда қызметкерлер мен шараға қатысушыларға жәрдемдесу және оларды оқыту;
  • Пациенттердің файлдарын дұрыс тіркеу және қорға енгізу, сонымен қатар олар туралы ақпаратты құпияда сақтау;
  • Апта/ай сайынғы есептер үшін нұсқаулыққа сәйкес дерек жинау және талдау (Ахуал туралы баяндама, Медициналық статистикалық есептер және т.б.);
  • Медициналық көмекке сәйкес ықтимал диагнозды және емдеу жоспарын белгілеп, ПДПӘҚ қажеттіліктерін анықтау үшін пациенттерді жан-жақты бағалауға қатысу;
  • Психоәлеуметтік әрекеттерді жүзеге асыру (мысалы, психологиялық білім беру топтары, пациенттер мен олардың туыстарына психоәлеуметтік қолдау көрсету және т.б.);
  • Қоғамдық психоәлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру, енгізу және бақылау үшін денсаулық насихаттаушыcы қызметкерімен бірігіп жұмыс істеу;
  • ПДПӘҚ шеңберінде МСФ қызметкерлерін оқыту барысында психикалық денсаулық іс-шаралары менеджерімен бірігіп жұмыс істеу;
  • Әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлер тобымен бірігіп жұмыс істеп, пациенттердің қажеттіліктеріне қарай оларға сыртқы және ішкі жолдамалар беру;
  • Пациенттерге және оларға күтім жасаушыларға зиян келтірместен көмек көрсету.
Требования:
  • Психология мамандығы бойынша академиялық дәреже немесе диплом.
  • Психотерапия мамандығы бойынша магистратура немесе мамандық бойынша арнаулы білімі болу;
  • Қазақ тілін жетік білу міндет, орыс және ағылшын тілдерін білген абзал;
  • Компьютерлік дағдылар (MS Office);
  • Көпмәдениетті ортада жұмыс істей білу;
  • Нәтиже мен сапаға бағдарлану, мұқияттылық, топта жұмыс істей білу және ынтымақтастықта болу, икемділік, стресспен күресе білу, МСФ қағидаттарын ұстану.
Условия:
  • Психолог ретінде кем дегенде 2 жылдық жұмыс өтілі;
  • EMDR, Психологиялық жарақатты ескеретін CBT (Когнитивті мінез-құлық терапиясы) және т.б. тәсілдерді қолдануда 2 жылдық тәжірибесі болуы;
  • МСФ немесе басқа үкіметтік емес ұйымдармен дамушы елдердегі жұмыс тәжірибесі.
  • Қызығушылық танытқан үміткерлерге түйіндеме мен уәждемелік хатты ағылшын тілінде 2024 жылдың 13 мамырына дейін жіберу ұсынылады. Біз жоғарыда аталған талаптарға сәйкес іріктелген үміткерлермен ғана байланысамыз.

    Жұмысқа алу барысында ешқандай ақшалай ұсыныстарға, тауарларға немесе қызметтерге, сондай-ақ іштартарлыққа жол берілмейді. МСФ мұндай әрекеттерге барған кез келген үміткерден бас тартуға қақылы.

Требования
Опыт 1-3 года
Условия работы
График работы Полный день
Добавлено 7 дней назад
Для связи с работодателем или просмотра контактов нажмите на кнопку