Қазақ тілі мұғалімі

Требуемый опыт работы: более 6 лет

Полная занятость, полный день

Напишите телефон, чтобы работодатель мог связаться с вами

Чтобы подтвердить, что вы не робот, введите текст с картинки:
captcha

Haileybury Алматы мектебі өз оқушыларының қауіпсіздігі мен аман-саулығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады және мектеп қызметкерлер мен мектепке қатысы бар тұлғалар оған бұл істе қолдау көрсетеді деп үміттенеді.

Бұл лауазымға үміткерлер балаларға қатысты лайықсыз қылық көрсету туралы мәліметтердің бар-жоқтығын тексеруден өтуге дайын болуы керек. Мұндай тексеру шеңберінде алдыңғы жұмыс берушілерден ұсынымхаттар және сотталмағандығы туралы анықтама немесе оның баламасы сұралатын болады.

Халықаралық Haileybury Almaty мектебіне жоғары біліктілігі бар Қазақ тілі мұғалімі керек

Міндеттері:

Оқыту мен үйрету:

  • Бастауыш және жоғары сынып оқушыларының жасына/деңгейіне сәйкес тиімді оқу материалдарын әзірлеу
  • Сабақта әртүрлі оқыту әдістерін қолдану;
  • Оқушылардың оқуда табысқа жетуі үшін оқыту әдістері мен жаттығуларын жоспарлау, қолдану және үнемі бағалау;
  • Сынып, топтар және жеке тұлғалар үшін іс-әрекетті жоспарлау арқылы тиімді дифференциациялауды қамтамасыз ету;
  • Өз бетінше және бірлескен оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Оқу процесінде қолдау көрсету үшін өзара және өзін-өзі бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Мінез-құлық пен ресурстарды тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың қалай оқитынын және олардың үлгерімін бағалайтынын көрсететін нақты оқу мақсаттарын анықтау және оқу уақытын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану;
  • Биік мақсаттар қою;
  • Қабілеті жоғары, білім беру қажеттіліктері бар, дарынды және/немесе талантты оқушыларды немесе ағылшын тілін жеткілікті түрде меңгермейтін оқушыларды анықтап, олармен тиімді жұмыс жасау;
  • Оқу қарқыны мен тақырыптың күрделілігін ескере отырып, сабақтың нақты құрылымын қамтамасыз ету;
  • Мүмкіндігінше оқушылардың тұлғалық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосу, т. ассамблеялар, Хаус күндері кезінде;
  • Оқушыларға көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру, оларды көшбасшылыққа ынталандыру;
  • Қауіпсіз, қолдау көрсететін, ыңғайлы және ынталандыратын оқу ортасын қамтамасыз ету.
  • Бақылау, бағалау, тіркеу және есеп беру:
  • Оқу мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін бағалау және осы бағалауды оқытудың нақты аспектілерін жақсарту үшін пайдалану;
  • Оқушылардың жоғары үлгерімін қамтамасыз ету үшін сындарлы кері байланыс және мақсаттар қою арқылы жұмысты бақылау;
  • Әр оқушының үлгерімін жүйелі түрде бағалау және тіркеу, оқушылардың үлгеріміне көз жеткізу үшін тіркелген деректерді пайдалану;
  • Оқушылардың үлгерімі туралы жазбаша есеп беру;
  • Бағалауда болашақ іс-әрекеттің жоспарын көрсету.

Талаптарі:

Біліктілік:

  • Қазақ тілі мұғалімі дипломы
  • Қазақ тілін жоғары деңгейде білу, ана тілі
  • Ағылшын тілін меңгеру сертификаты (мүмкіндігінше IELTS 6.0 немесе оның баламасы) артықшылық болады.
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім артықшылық болады.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Үлкен оқыту тәжірибесі және табысты нәтижелер
  • Оқыту мен үйрету стандарттарын арттыруға үлес қосу, 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды оқыту тәжірибесі
  • Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына сабақ беру тәжірибесі
  • Оқыту және тәрбие жұмысындағы табысты тәжірибе

Ұсынылатын жағдай:

  • медициналық сақтандыру
  • тамақтандыру

Ключевые навыки

Английский — B1 — Средний
Казахский — C2 — В совершенстве

Задайте вопрос работодателю

Он получит его с откликом на вакансию

Где располагается место работы?Какой график работы?Вакансия открыта?Какая оплата труда?Как с вами связаться?Другой вопрос

Вакансия опубликована 8 апреля 2024 в Алматы